Онлайн төлемдердің қауіпсіздігі
Төлемдер. Банк картасымен онлайн төлеу

Біздің сайт интернет-эквайрингке қосылған, Сіз Тауарды Visa немесе Mastercard банктік картасымен төлей аласыз. Таңдалған тауарды растағаннан кейін "CloudPayments" процессинг орталығының қорғалған терезесі ашылады. Ол жердегі төлем парағына Сіз өзіңіздің банктік картаңыздың деректерін енгізуіңіз қажет. Карта иесін қосымша сәйкестендіру үшін "3D Secure" технологиясы қолданылса, Сіз оның серверіне қосымша сәйкестендіру үшін қайта бағытталасыз. Қосымша сәйкестендірудің ережелері мен тәсілдері туралы ақпаратты Сізге картаны берген Банктен анықтайсыз.

Қауіпсіздік кепілі

"CloudPayments" процессинг орталығы "PCI DSS 3.0" қауіпсіздік стандарты бойынша Сіздің банктік картаңыздың деректерін қорғайды және өңдейді. Төлем шлюзіне ақпаратты жеткізу барысында SSL шифрлау технологиясы қолданылады. Одан кейінгі ақпарат ағымы өте жоғары деңгейдегі сенімді жабық банктік желілер арқылы жүреді. CloudPayments Сіздің картаңыздың деректерін бізге және өзге үшінші тұлғаларға табыстамайды. Карта иесін қосымша сәйкестендіру үшін "3D Secure" хаттамасы қолданылады. Егер Сізде жасалған төлемдер бойынша сұрақ туындаса, media@dudaray.kz клиенттерді қолдау қызметінің электронды поштасына хабарласуыңызға болады.

Онлайн төлемдердің қауіпсіздігі

Сіздің ұсынатын жеке ақпаратыңыз (аты-жөні, мекенжайы, телефон, e-mail, карта нөмірі) құпия болып табылады және жариялауға жатпайды. Сіздің картаңыздың деректері шифрланған түрде табысталады және біздің Web-серверде сақталмайды. Интернет-төлемдерді өңдеу қауіпсіздігіне "CloudPayments Kazakhstan" ЖШС кепілдік етеді. Төлем карталарымен жасалатын барлық операциялар VISA International, MasterCard және басқа төлем жүйелерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Ақпаратты беру кезінде карталық онлайн-төлемдер қауіпсіздігінің арнайы технологиялары қолданылады, деректерді өңдеу процессингтік компаниялардың қауіпсіз жоғары технологиялық серверлерінде жүргізіледі.

Құпиялылық

Анықтау
жобасы mukhambet.kz сайтының өз клиенттері мен пайдаланушыларына (одан әрі – «сіз», «сайтқа келушілер») қатысты ақпараттың құпиялылығына жете мән береді.

Дербестендірілген деп біз сайтқа келушілердің жеке деректерін қамтыған ақпаратты (мысалы: аты-жөні, телефон, логин немесе компания аты), сонымен қатар mukhambet.kz сайтында сіздің жасаған әрекеттеріңіз жайлы ақпаратты айтамыз (мысалы: сайтқа келушінің байланыс ақпаратымен қоса тапсырысы).

Анонимді деп біз нақты сайтқа келушімен теңестіруге мүмкін болмайтын деректерді айтамыз (мысалы: сайтқа кіру статистикасы).


Ақпаратты қолдану
Нақты сайтқа келушінің дербестендірілген ақпаратын біз оған сапалы қызмет көрсету және оларды есепке алу үшін пайдаланамыз. Біз mukhambet.kz сайтының бір келушісінің дербестендірілген дерегін басқа сайт келушілеріне ашпаймыз. Біз ешқашан дербестендірілген ақпаратты ашық түрде жарияламаймыз және оны үшінші тұлғаларға табыстамаймыз. Айрықшалық ретінде өкілетті мемлекеттік органдарға ақпаратты ұсыну Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында жүзеге асады. Біз анонимді жиналған деректер негізінде құрылған есептерді ғана жариялап және тарата аламыз. Бұл ретте есептер қызметтерді пайдаланушылардың дербестендірілген деректерін сәйкестендіру мүмкін болатын ақпаратты қамтымайды. Біз сондай-ақ анонимді деректерді ішкі талдау үшін қолданамыз, оның мақсаты mukhambet.kz өнімдері мен қызметтерін дамыту болып табылады.


Сілтемелер
mukhambet.kz сайтында біздің компанияға қатысы жоқ және үшінші тұлғаларға тиесілі басқа сайттарға сілтемелердің болуы мүмкін. Үшінші тұлғалардың сайтында орналасқан мәліметтердің дәлдігіне, толықтығына және анықтығына жауап бермейміз және де осындай сайттарда сіздердің қалдырған ақпараттардың құпиялылығын сақтау бойынша ешқандай міндеттемелерді мойнымызға жүктемейміз.


Жауапкершілікті шектеу
Біз құпиялылық саясатын сақтау үшін қолдан келетін мүмкіндікті жасаймыз, алайда, біз, біздің ырқымыздан тыс орын алған факторлардың әсері жағдайында ақпараттың сақталуына кепілдік бере алмаймыз, соның нәтижесі ақпаратты ашу болып табылады. mukhambet.kz сайты және онда орналасқан барлық ақпарат қандай болмасын кепілсіз «осы түрінде» қағидасымен берілген. Біз қолайсыз зардаптар үшін, сондай-ақ mukhambet.kz сайтына рұқсаттың шектелуі салдарынан немесе сайтқа кіру салдарынан және онда орналасқан ақпаратты пайдаланғаны үшін келтірілген кез келген залалдарға жауап бермейміз.



Байланыс

Осы саясатқа қатысты сұрақтар бойынша media@dudaray.kz мекенжайына хабарласыңыз

Қызметтер үшін төлемді қайтару

Төленген соманы қайтарып алу үшін media@dudaray.kz мекенжайына жазыңыз немесе 87770211351 телефон бойынша хабарласыңыз.
Made on
Tilda